Қазақстанда орташа жалақы өсті

Ұлттық статистика агенттігінің бюросы елімізде орташа жалақының өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстанда екінші тоқсанда атаулы жалақының орташа мәні 312 011 теңгені құрады. 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 24 пайызды, ал нақты мәнде 8,9 пайызды құрайды. Бұл ретте, жалақының медианалық мәні жалақы диапазонының орталық деңгейі – бағалау бойынша екінші тоқсанда 196 728 теңгені құрады», — делінген агенттік хабарламасында.

Бюро жалақының өсуі көптеген негізгі экономикалық қызмет түрлерінде байқалатынын атап өтті. 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда ең үлкен өсім мына салаларда тіркелді:

  • құрылыста– 35,5 пайыз;
  • көлік және қойма шаруашылығында – 34,8 пайыз;
  • тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 28,3 пайыз;
  • денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында төмен көрсеткіштер белгіленді – 12,1 пайыз;
  • басқа да қызмет түрлерін көрсетуде – 3,9 пайыз.

Бұл ретте өңірлік тұрғыда ең үлкен өсім Қызылорда облысында – 31,3 пайызды құрады. Ең аз өсім Нұр-Сұлтан қаласында -14,2%.

«Орташа айлық жалақы кәсіпорындардың тоқсан сайынғы есеп беруі негізінде есептеледі.Орташа мән қосымша төлемдерді, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да аударымдарды ескере отырып қалыптастырылады.

Медиандық жалақы есептелген жалақы сомасы бойынша қызметкерлер санына және оны екі тең бөлікке төмен және жоғары жалақымен бөліп есептеледі», — деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросының Еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Бұған дейін Қазақстанда 2022 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 285 433 теңгені құраған болатын.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.