2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі

Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы екі есеге өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есеге өседі. Ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есеге», — деді министр үкімет отырысында. 

Саясат Нұрбектің сөзінше, дамыған елдерде жоғары білім алатындар бакалавриаттың 45-50%-на тең, ал магистратурада оқитындар 40%, докторантура 10%-на тең. 

2021-2022 оқу жылындағы есепке сәйкес Қазақстанда 623 839 адам жоғарғы білім алып жатыр. Олар еліміздегі 120 университте оқиды. 

Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты 

Жасыбай орманшылығында шыққан өртті сөндіруге ұлттық парк пен ТЖД күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қосымша мамандар мен Ми-8 тікұшағы жіберілді.

Мектепте бағалау жүйесі өзгереді: Оқушылардың білімі енді қалай бағаланады? 

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі өзгереді. Бұдан былай 1-4-сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді.

Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027...

Мектеп формасына қатысты маңызды мәлімдеме жарияланды

Мектеп формасын белгілі бір дүкеннен сатып алуға ешкім мәжбүрлей...