Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары тоқтатылды

Қашаған кен орнында газ шығу белгілеріне байланысты жұмыс тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Солтүстік Каспий жобасының операторы — NCOC (North Caspian Operating Company) растады.

«3 тамызда өндірістік учаске аумағында газ шығу белгілерінің анықталуына байланысты «Болашақ» кешенінің мұнай-газ өңдеу зауытында қауіпсіз тоқтату жұмыстары жүргізілді. Стандартты тәртіпке сәйкес, өндірістік нысандарда газ датчиктері жұмыс істегеннен кейін факель жүйесіндегі қысым түсірілді», — деді NCOC баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға кезінде адамдар денсаулығына зиян келмегені хабарланды.

«Батыс Ескенедегі ауа сапасын бақылау бекеттері ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан аспады. Қазіргі уақытта өндірісті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз өндірісті тезірек қалпына келтіреміз деп үміттенеміз», — компания өкілдері.

Еске салайық, NCOC жаздың басында Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешеніндегі өндіріс орындарын жөндеуді тоқтатқан болатын. 

Заслуженная оценка высокого профессионализма 

В СОВРЕМЕННОМ ОБЩЕСТВЕ РОЛЬ СУДЕБНОЙ СИСТЕМЫ И ЕЕ ЗНАЧЕНИЕ...

Әр адам өз сөзінің жауапкершілігін сезінуі керек

Сөз жәй ғана сөз емес, тәрбие құралы, сондықтан әр...

Тіл-халық қазынасы

Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ САПАСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОР

Құқықтық мемлекет құру жолында тіл мәселесі екінші кезектегі емес,...