12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АККА: 5000-нан астам пациент МӘМС бойынша ем алды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Жүйені қолданысқа енгізудің арқасында халық арасында медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарды.
МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттары:
• ортақ жауапкершілік-халықтың денсаулығы үшін мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар жауапты;
• медициналық көмекке тең қолжетімділік-әрбір сақтандырылған тұлға төленетін жарналардың мөлшеріне қарамастан, медициналық көмектің қажетті көлеміне құқығы бар;
• ақша пациенттің артынан жүреді — пациент медициналық қызметті алу үшін өз қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдай алады, егер ол ұйым Қордың өнім берушісі болса ғана;
• пациенттің құқықтарын қорғау-Қор медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана медициналық қызметтер үшін ақы төлейді.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың медициналық көмегінің кеңейтілген түрін алады.
«Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша учаскелік дәрігердің жолдамасы негізінде бейінді дәрігерлердің қабылдауынан өтіп, кеңес ала алады, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика УДЗ, рентген, КТ, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық медициналық көмек, медициналық оңалту және дәрілік заттармен қамтамасыз ету, стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек ала алады» — деді медициналық ұйымның директоры, PhD докторы, профессор және жоғары санатты дәрігер — Эльмира Ахметова.
2022 жылдың басынан бастап Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы облыстың 4998 азаматына медициналық қызмет көрсетті. Науқастар түрлі өңірлерден асқынулармен келіп түсті. Жоғары білікті дәрігерлер мен жаңа технологиялардың арқасында көптеген пациенттер емделіп, жақсы медициналық көмек алды. МӘМС бойынша емдеудің жалпы сомасы 1 млрд 800 млн теңгені құрады.
Сонымен қатар, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы ККТМК бойынша қызмет көрсетеді. Ол диагностикалық және медициналық қызметтерді қамтиды. ККТМК мемлекеттік қаражатпен Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

Колонию Астаны посетила представитель Уполномоченного по правам человека

С ознакомительным визитом колонию-поселения посетила представитель Уполномоченного по правам...

ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫ ҚАТАРЫНДА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІНІҢ ҮЛЕСІ АРТТЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жан басына шаққандағы жылдық жұмыртқа...

ДӘРІГЕРЛЕР ЕРЛЕДІ

Биыл көктем елімізге жайлы болмады. Дегенмен, осынау қиын кезде...

ӨҢІРДЕ ӨНІМДІ ІС КӨП

Ақмола облысында инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру...