Ағымдағы жылдың шілде айының соңғы 10 күнінде Нидерланд мемлекеті Роттердам қаласында Әлем бойынша полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында спорттық жарыс өткізілді. Сайысқа 97 мемлекеттен кіл мықтылар, яғни 300 000 спортшы қатысты. Оның ішінде Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрқанат Утешов те бар.
Аталған Түркістанның мақтанышы, «Бақ шаба ма, бап шаба ма?», — дегендей, бағы мен бабы келісіп, нағыз мықты екенін дәлелдеді. Бүкіл әлемдегі полицейлер арасында дараланып, алға оза шықты. Спортшы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат, 90 келі салмақта Армрестлинг қол күрес түрінен күш сынасып, берілген санаулы уақыт ішінде қарсыластарынан айла-тәсілін асырып, жеңіске жетті. Оң қолымен 5 қарсыласпен күресіп, 5-еуін де жеңіп, бас жүлде «Алтын алқаны» иемденді. Сол қолы бойынша жүлделі ІІ-орынды алды. Осылайша Созақ ауданының тумасы, ішкі істер саласында 2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Нұрқанат Беркінбайұлы, елге алтын және күміс алқамен оралды. Жастайынан спортпен шұғылданған полиция аға лейтенанты Нұрқанат, қол күресімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Жетістіктері де аз емес, тіпті Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы деген атақтарын иеленген. Отбасылы, көпбалалы әке. Бүгінде жұбайы екеуі 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Осы ретте Әлем бойынша полицейлер арасында жүзден жүйрік атанған жеңімпаз Нұрқанат Утешовқа, әрдайым осылай спортта жеңіс тұғырынан көрініп, қызметінде генерал шеніне дейін жетуіне тілегімізді білдіреміз! Жалпы, күштік құрылым қызметкерлері арасында өткен спорттық сайыстың негізгі мақсаты – полицейлер мен өрт сөндірушілердің спорттық шеберлігі мен дайындығын нығайту. Спортқа бейім қызметкерлердің арасында спортты одан ары дамытып, күрес дағдыларын жетілдіру, достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі