Түркістан облысының полицейлері телефон ұрлаған ер адамды ұстады

Төлеби АПБ-ға ұрлықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша өзі жұмыс жасайтын дүкеннің сөресінде тұрған «Самсунг А8» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Ұрлық жайты орын алған аймақтың барлығын жіті тексеріп, куәлардан жауап алды. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жүргізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде ұялы телефонды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті дүкенге азық-түлік алу мақсатында келген. Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөреде қуаттағышта тұрған ұялы телефонды алып кеткен. Осылайша қолды еткен затын үйіне алып барып, пайдалану мақсатында жасырып қойған.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...