Франция соты Мұхтар Әблязовты экстрадициялау мәселесін қарамақ –БАҚ

EU Reporter басылымы Мұхтар Әблязовтың экстрадициясына қатысты мақала жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мақала «Францияның босқындар ісі жөніндегі соты Мұхтар Әблязовтың ісін қарауға дайындалып жатыр» деп аталады. 

Журналистер қазақстандық экс-банкирдің тағдыры жақын күндері шешілетінін мәлімдеп отыр. Сотта Әблязовтың босқын ретінде Францияда қалу мәселесі немесе алаяқтығы бойынша экстрадициялануы қаралатынын айтқан.

«Әблязовтың ұзаққа созылған оқиғасы Францияның босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотына дейін жетті. Сот жақын уақытта қашқын олигархтың тағдырын шешеді», — делінген аталған мақалада.

Мұхтар Әблязов Қазақстаннан 2009 жылы қашып кеткен. Оған БТА-Банктің 7,5 млрд долларын жымқырды деген айып тағылған еді. Миллиардер Франциядан саяси баспана алып, босқын ретінде өмір сүріп жатыр.

«Paris Match» басылымының жазуынша, Франция Әблязовқа бұдан әрі де қолдау көрсетіп, саяси баспанасынан айырмаса Қазақстанмен арасы нашарлап кетуі мүмкін. Өйткені, француздардың біздің елде қорғаныс және уран өндірісі салаларында ірі контрактілері бар.

Әблязовтың экстрадициясын Қазақстаннан бөлек Ресей мен Украина да сұрап отыр. Екі ел де экс-банкирді ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптаған.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...