12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер қоғамдық кеңестің көмегімен халықпен қарым-қатынас жасауда

Қоғамдық кеңес өкілдерімен өткен форумда Мамлют ауданының полицейлері балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын, интернет алаяқтықтың алдын алу және өзге де өзекті мәселелерді талқылады.
«Қоғамдық кеңес 2017 жылы әр 12 ауылдық округте құрылды. Оның құрамында тұрғындар арасында құрметке ие адамдар бар, — дейді Мамлют ауданының ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Иса Мұстафин. — Оның ішінде төрағалыққа полиция атына ескертулермен аса белсенді сөз сөйлегендерді ұсындық. Бүгінде олар біздің сенімді әрі қызығушылық танытатын серіктесіміз. Учаскелік инспекторлармен тығыз қарым-қатынас жасай отыра, жұмыстың ерекшелігін терең түсініп, олар құқықтық тәртіпті қолдауға өз үлестерін қосуда. Биыл әр кеңесте еріктілер қозғалысы құрылды. Еріктілер із-түссіз жоғалғандарды іздеуге, нашақорлықтың, интернет алаяқтықтың алдын алуға қатысады».

Иса Мұстафиннің айтуынша, осылайша полиция жұмысының сервистік моделінің негізі қаланады, оның мәні – құқықтық тәртіп саласында проблемаларды бірлесе анықтау және шешу үшін адамдармен берік серіктестік қарым-қатынас жасау. Сондай-ақ форумда аса белсенді төрағалар марапатталды. Оның ішінде – Леденёв ауылдық округінен Күләш Мәженова да бар. Пандемия кезінде учаскелік инспектор карантинді қамтамасыз еткен тұста, ол округ әкімімен бірге профилактикалық жұмыстың бір бөлігін өз мойнына алып, еріктілер бастамасында құқықтық тәртіпті қолдаумен айналысты.

Полицейлер кездесудің маңызды сәті ауданның қоғамдық кеңестері арасында жұмысты үйлестіру, мемлекет пен халық бірлесе шешетін аса өзекті проблемаларды айқындау екендігін айта кетті.

СҚО ПД баспасөз қызметі

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы...

Летняя спартакиада в исправительном учреждении №20 ДУИС по области Абай

В исправительном учреждении прошла традиционная летняя спартакиада, собравшая большое...

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы...