Полицейлер із-түссіз жоғалған екі петропавлдықты іздестіруде

Тоғыз күннен бері 59 жастағы Алимов Рифкат Леонидовичтің туыстары оның қай жерде жүргенінен бейхабар. Ер адам үйден кетіп, оралмаған.

Оның ерекше белгілері: бойы 175 см, ақ шашты, сақалды, көк көзді, сол жақ бетінде тыртық, оң қолыңда алақаннан шынтаққа дейін күйіктен қалған тыртық бар. Үстінде қара қалпақ, пенжек, сарғыш түсті жеңіл жейде, көгілдір түсті джинсы болған.
Дәл сол күні қалалық полиция бөліміне 34 жастағы Молчанов Юрий Викторовичтің жоғалғаны туралы арыз түсті.

Ерекше белгілері: бойы 170 см, шашы ақшылт-қара, көзі көк, қыр мұрынды. Үстінде қара шолақ шалбар, қою көк жеңіл жейде, ақ спорттық кроссовки болған.

«Іздестіру шаралары тек облыс орталығында ғана емес, жақын маңдағы аудандарда да жүргізілуде; мұнда полицейлер, еріктілер, жұртшылық тартылды. Бағдарлар барлық бөлімшелерге жіберіліп, әлеуметтік желілерде таратылды, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. – Іс түссіз жоғалғандар туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз мына нөмірлерге қоңырау шалуды сұраймыз: 8-(7152) 49-39-49, 49-30-74, 8-747-559-70-71 немесе «102» арнасы».

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полиция бөліністеріне адамдардың жоғалып кетуі туралы 275 өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 270-і табылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...