12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жетісайлық жігіт заңды бұзып 3 айға қамауға алынды

Жетісай пробация қызметінің есебіне 2019 жылы тіркелген Есет есімді азамат тіркеуден шығуына 3 ай 19 күні қалғанда заңды қаскөйлікпен бұзып, жазасының өтелмеген бөлігін темір торда өтейді.

Пробация қызметінің бақылауына алынған бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғанғандардың арасында заңды қаскөйлікпен бұзып абақтыға қамалатындар жиі кездеседі. Өздеріне берілген санаулы мерзімді бостандықта жүріп өтей алмай, қамауға алынатыны өкінішті-ақ.

Қамауға алынған азаматтар жастар болса түсіністікпен қарауға болар еді. Ал, қырықты алқымдаған азаматтың құқық бұзушылыққа барғаны әрине өкінішті. Балалары мен інілеріне ақыл айтып отыратын азаматың сот жүктеген міндетке салғырт қарайтыны қынжылтады.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жиырмаға жуық пробация қызметі бар. Бір пробацияда кем дегенде жүзге жуық сотталған есепте тұр.

Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзатын сотталған азаматтарда кездеседі.

Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Жетісай аудандық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайта қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Орда бұзар жастан асқан азаматтың бөтеннің мүлкін жымқырып ұрлық жасағаны үшін Жетісай аудандық сотының шешімімен бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған болатын. Бұл азамат аудандық пробация қызметіне тіркеуге алынған күні аға инспекторДінмұхамед Құлжамұратов сот жүктеген міндеттерді түсіндірді. Сондай-ақ, ол жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. Бұл сотталған азаматтың алдағы уақытта қылмыс жасауының алдын алу үшін және де өзінің жасаған әрекетінен сабақ алу мақсатында, пробация қызметінің инспекторы аудандық сотқа ұсынысы жіберді. Әділет инспекторының ұсынысы қанағаттандырылып Есет есімді азамат қалған 3 ай 19 күн бас бостандығынан шектеу жазасын енді темір торда өтейді.

Бұл азаматқа пробация қызметіне тіркеуге алынған күні сот жүктеген міндеттер түсіндірілген болатын. Егер заңға бағынбаған жағдайда сот бойынша қамауға алынатыны да ескертілді. Өкінішке, орай бұл азамат заң талаптарын орындамай, пробациялық бақылауға келмей, кешкі уақытта үйінде болмады. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмыснан сабақ алғаны абзал. Өзінің артынан ерген ізбасарларына әрбір әке үлгі болуы қажет. Себебі, әрбір бала біздің болашағымыз, — деді Жетісай аудандық пробация кызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Дінмұхамед Құлжамұратов.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...