12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Реформалар сот саласын халыққа жақындатты

Сот саласы үнемі жаңарып, жаңғыруда. Үздіксіз жүргізілген рефрмалар саланы жаңа биікке көтерді. Ең бастысы, сотқа деген халықтың сенімі нығайып келеді. Оған азаматтардың өз талап-тілегінің сот реформасында көрініс табуы әсер еткені даусыз.
Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов жаңа қызметке кіріскенде бірнеше
рет халыққа үндеу тастап, көпшіліктің сот жұмысына қатысты пікірін біліп,
ұсыныс-тілектерін сұрағаны есімізде. Осы қадамы арқылы Төраға сотты елге
жақындатуды көздегені анық. Әрі бұл сот саласы үшін көпшіліктің пікірі
маңызды екенін, әр тілек, талаптың ескерілетінін аңғартқан әрекет болды.
Жақып Қажыманұлының үндеуінен кейін қарапайым азаматтар,
заңгерлер, адвокаттар, ғалымдар, құзырлы орын өкілдері, сондай-ақ халық
қалаулылары сот жүйесінде өздері байқаған кемшіліктерді ашық көрсетіп, сот
жұмысын жандандыруға ықпал ететін ұсыныстарын іркілмей ортаға тастаған
болатын. Соның нәтижесінде «Сот төрелігінің жеті түйіні» деп аталатын
стратегиялық бағдарлама түзіліп, саланың дамуына серпін бергеніне баршамыз
куә болып келеміз.
Қазақта «Тосылған судың тұнығы болмайды» деген тағылымы терең сөз
бар. Бұл үнемі қозғалыс, ізденіс болмаған ортада іркіліс орын алатынын, даму
тежелетінін аңғартатын сөз. Осы тұрғыдан алғанда соттағы реформаларды да
салаға жан бітіріп, алға жетелейтін қозғаушы күш деп бағалаған дұрыс.
Реформалар сот жүйесін Қазақстандағы жетекші құрылымның біріне
айналдырды. Мысалы, бұрын азаматтар кез келген сұраныс үшін сот
ғимаратына келетін. Арыз жазу үшін де, өзі түсінбеген сауалға жауап алу үшін
де, сот актілерін алу үшін де азаматтардың жұмыстан сұранып, өзге маңызды
шаруаларын ысырып қойып сотқа келуден басқа амалы болмайтын. Ол аздай,
қарапайым анықтаманың өзін сағаттап кезекке тұрып алатын еді. Бұл кездерде
сот отырысына қашықтан қатысуға болады, шетелде тұрып та сотқа куәгерлік
ете аласың дегенге ешкім сене қоймайтын еді. Соңғы жылдары салаға заманауи
технология жетістіктерінің көптеп енгізілуі бұрын ертегідей көрінген
игіліктерді қарапайым азаматтар үшін шындыққа айналдырды. Игілікті істердің
басында — Сот кабинеті бірыңғай сервисі тұр. Бұл сервис азаматтар мен сот
қызметкерлерінің тікелей байланысын азайтып, сот қызметін қашықтан жедел,
жеңіл алуға мүмкіндік туғызды. «Сот кабинетін» қолданушылардың біртіндеп
өсуі сервистің мүмкіндіктерін кеңейтіп, қызмет түрлерін көбейтуге жол ашты.
Бүгінде сервис арқылы арыз-шағымын, өтінішін жолдайтындар қатары қалың.
Әсіресе, «Сот кабинетінің» мобильді қосымшасының енгізілуі азаматтарды
арыз-шағымын оңай жолдап, өз сұранысын сырттай бақылауға жағдай туғызды.
Цифрлы әлемнің жетістіктері алдағы уақытта да сот саласына енгізіле
берері даусыз. Өйткені, бүгінгідей ең қымбат байлық — уақыт болған кезде
цияфрлық технологияның көмегімен ғана жұмысты жүйелеуге, жеңілдетуге,
мінсіз етуге мүмкіндік мол.
Райхан Сартаева,
Алматы қаласы
Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...