12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жемқорлықсыз қоғам орнату — басты парыз.

Сыбайлас жемқорлық – уақыт өте келе өршіп, әлеуметтік бәсекелес бар жерде тамырын терен жайып, әлі жойылмаған дерттің бірі болып саналады. Бұл ауру біздің жас мемлекетімізге де, дамушы мелекеттерге де үлкен зиянын тигізетіні анық.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа және басқада қылмыстарға бейім болуының көптеген себептері бар. Бұл ең алдымен азаматтардың білімі мен адамгершілігінің төмендігінен болса керек. Кейбір азаматтардың немқұрайлығы, кәсіпқойлығы мен жеке басының ұқыпсыздығы да сыбайлас жемқорлыққа ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына негізінен лауазыды қылмыстар жататыны бәріне белгілі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен көресу бүгінгі таңда  күрделі мәселеге айналып отыр.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін халықтың құқықтық білімінің аздығынан, қандай да бір заңға қайшы әрекет орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігін толық білу маңызы зор.

Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалық тетіктерін кезең-кезеңімен құруда. Сыбайас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретін деңгейде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың маңызды құралдарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия екені айдан анық.

Сонымен онымен қатар,сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе барынша толық және тиімді жұмыс істейтіні айтпасада түсінікті.

Қорытындылай келсек,  кейбір елдер сыбайлас жемқорлық құбылысымен күресте үлкен нәтежиелерге қол жеткізіп, оған шын мәнінде қалай қарсы тұруға болатынын өз тәжірибелерінде көрсеткен болатын.

Қазіргі таңда мамандардың айтуынша, көп  нәрселердің автоматтандырылғанына қарамастан азаматтардың әдеттен тыс құжат жинамау, қызметті алатынына сенімді болу үшін сондай-ақ көптеген проблемаларды болдырмау үшін пара тарататыны белгілі. Сондықтан, әрбір адам бұл күресте өзінің іс әрекеттеріне баға беріп үйренсе және де халықтың қандайда бір мемлекеттік қызметтерді алуы оңайлап, халыққа пара туралы ойланбайтын жағдай жасау үшін мемлекетіміз ат салысатын болса, біз бұл күресте міндетті түрде жеңіп шығатынымыз анық.

Сондықтан, келешек ұрпағымызбен еліміздің гүлденуі үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеп, бұқаралық ақпарат құралдарында көрнекі өмірлік мысалдарды жариялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды насихат жұмыстарын жүргізу қажеттігін қосқым келеді.

А.Б.Абылова, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының  бас маманы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...