Солтүстікқазақстандық полицейлер автожолдардағы апаттық-қауіпті учаскелердің картасын жасады

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің айлығы аясында апаттылықты бағалау және талдау нәтижелері бойынша солтүстікқазақстандық полицейлер автожолдардың 14 қауіпті учаскесі көрсетілген карта жасады. Мәлімет бойынша, СҚО-да «Челябі-Новосібір» тас жолының 465-тен 655 км-ге дейінгі бөлігі өте қауіпті саналады. Мұнда жыл басынан 13 жол-көлік оқиғасы орын алып, 3 адам көз жұмды, 29 адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жылдамдық режимін асыру, арақашықтықтың сақталмауы, жүргізушілердің шаршауы салдарынан орын алды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылығы айтуынша, еңбек демалысы кезеңінің басталуына байланысты қала сыртындағы жолдарда көлік легі арта түскен. Адамдар отбасыларымен алыс жолға шығып, басқа қалаларға, мемлекеттерге барады. Кейбірі құрамында бірнеше көлік болып жиналып, елді мекендерге жол тартады.
«Көлік тізгініне шаршаңқы немесе ұйқы қанбаған күйде отыруға болмайды. Сондай-ақ, жүргізушілер орнатылған жол белгілеріне назар аударуы, белгіленген жылдамдықты асырмауы және арақашықтықты сақтауы тиіс. Жарық шамдарының жұмысын қарап отыруды ұмытпаңыз. Тәуліктің қараңғы кезінде және жаңбырлы ауа райында жол қозғалысының басқа қатысушыларына бірден көрінесіз. Жолға шығарда автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Қауіпсіздік белдігі мен арнайы балалар орындығын пайдалану қажет», — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах.

Жыл басынан республикалық маңыздағы автожолдарда 39 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 11 адам қайтыс болып, 83 адам түрлі жарақаттар алды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...