12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жаздың екі айында СҚО полицейлері 76 іс-түзсіз жоғалғанды іздестірді

Жаз басталғалы солүстікқазақстандық полицейлер 76 іс-түзсіз жоғалғанның жүрген жерін анықтады. Орын алған фактілер көрсеткендей, із-түзсіз жоғалғандардың саны күн жылысымен артады. «Күйбең тірліктен» демалуға деген ұмтылыс үйден кетуге алып келіп жатады. Біреу спирттік ішімдіктерді асыра ішсе, енді біреуі жақындарына жоспаларын айтпай, жолға шығып кетеді. Шілденің 15-і күні кешкі уақытта «Lada» автокөлігімен белгісіз бағытта кетіп қалған 30 жастағы қала тұрғыны туысқандарын біраз алаңдатты. Полицейлер іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, еріктілерді тартты. «Ағын» бейнебақылау жүйесі арқылы көліктің жүріп өткен жолы белгілі болды. Іс-түзсіз жоғалған әйелдің Айыртау ауданындағы демалыс орнында болғаны анықталды.

«Айта кететіні, демалыс аймақтарында іс-түзсіз жоғалып кетудің алдын алу бойынша шаралар қабылдануда, – дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Полицейлер тұрақты түрде рейдке шығады, демалушылармен түсіндіру жұмысын жүргізеді, табиғатта қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы түсіндіреді. Жолға шығар алдында бұл туралы жақын адамдарыңызды міндетті түрде хабардар етіп, телефонның ақауы жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Өңір тұрғындарынан демалысқа шыққанда барынша жауапкершілік танытуларын сұраймыз».

Жыл басынан облыстық полиция бөліністеріне адамдардың із-түзсіз жоғалуына қатысты 275 өтініш келіп түскен, бүгінде олардың 270-і табылды.

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...