ШҚО-да сотталушы сүйіктісінің арманын орындады

Қоныс колониясында танысқан жас жұбайлар, бүгінде жаңа өмірге бірге аяқ басты. 2020 жылы түрме қабырғасында кездесе бастаған жазасын өтеуші екі жас, осы күнге дейін бірге болып, шаңырақ көтеруді жоспарлаған.

Осы жылдың басында жазасын өтеп жатқан қыз мерзімнің аяқталды түрмеден босап шыққан. Ал жігіттің мерзімі әлі аяқталған жоқ. Бірақ босап шыққанына қарамастан бір бірін тастамады. Көп ұзамай олар үйленуге шешім қабылдады.

«Жазасын өтеушілер үшін отбасын құру оң әсер етеді. Бір біріне қолдау білдіріп отырды. Жазасын өтеуші жігіт түрмеде жұмыс орналастырылып үйлену тойына қаражат жинады. Өзінің еңбегі арқасында сүйіктісінің арманын орындап, ақ көйлек алып беріп, салтанатты үйлену тойын өткізді. Мекеме әкімшілігі тарапынан сотталғанға демалыс берілді , – деп атап өтті Арай Көшербаева.

«Мен оның сүйіспеншілігі, қолдауы мен шыдамы үшін ризамын. Өзі босағанына қарамастан, маған қолдау көрсетіп, отырды. Осы уақытқа дейін үйлену тойын жасау үшін жалақымды жинадым. Жарымның арманын орындап, отбасын құрдым. Алдағы уақытта тек жақсы жануя болатынымызға сенемін, — деді жазасын өтеуші.

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...