Петропавл полицейлері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайту бойынша рейдтер жүргізуде

Демалыс кезінде ювеналдық полицейлердің жұмысы қыза түседі. Бұл кезде кәмелетке толмағандардың бос уақыты артады. Петропавлдық тәртіп сақшылары жағажайлар мен демалыс орындарында, саябақтар мен кәмелетке толмағандардың жүруі мүмкін жерлерде күшейтілген режимде рейдтер жүргізеді. Бұндай іс-шараларға білім және қамқорлық органдарының өкілдері, жұртшылық өкілдері қатысады.

Кешкі рейдтердің бірінде қала тұрғындарынан көп қабатты үйдің ауласында жасөспірімдердің спирттік ішімдіктерді ішу фактісі жайлы қоңырауы келіп түсті. Ақпаратты тексеру кезінде масаң күйдегі 14 жастағы жасөспірім анықталды. Оның ата-анасына қатысты 18 жасқа толмаған тұлғаның қоғамдық орында спирттік ішімдікті ішкені үшін хаттама толтырылды.
«Тұрғылықты жері бойынша тексеріс жүргізілді, қызметкерлер жасөспірімнің тұрмысын зерделеп, ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, — деді Петропавл қ. ПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны Константин Петров. – Бұдан бөлек, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып жатқан балалармен профилактикалық кездесулер, жағажайлар мен белгіленбеген шомылу орындарына рейдтер жүргізіледі. Өткізілетін іс-шаралардың басты мақсаты – жасөспірімдердің қараусыз жүруіне жол бермеу, жазатайым оқиғалардың қаупін, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың жасалу қаупін барынша төмендету».
Жалпы жыл басынан қалада ащы су ішкен 40 жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандардың түнде жүргені үшін 426 заңды өкіл жауапқа тартылды. Жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында ата-аналарының еріп-жүруінсіз жүргені үшін көңіл көтеру орындарының 12 иесіне айыппұл салынды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...