Бұл, ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы кездесу бөлмесі. Бұны сотталғандар « жылы ұя» деп атайды. Мұнда сотталғандар жақындарымен кездесіп, сағыныштарын басып, мейіріммен жылулыққа бөленеді.
Жазалау орындарында бас бостандығынан айрылған сотталғандардар қоғамнан оқшауланғанмен, туыстарымен қарым-қатынасы үзілмейді.
Өйткені жақындарымен байланысып отыру, олардың жаза мерзімін өтеу кезіндегі психологиялық жай-күйіне ерекше әсері бар.
Міне, сондықтанда тергеу изоляторында сотталған азаматтардың туыстарымен кездесуі, оларды тәрбиелеудегі басты құрал болып табылады.
Сотталғандарға тергеу изоляторының аумағында екі сағатқа дейін қысқа мерзімді, екі тәулiкке дейiн ұзақ мерзімді кездесулер берiледi.
Туған-туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесулер түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен жүргізіледі.Ұзақ кездесулер жұбайымен және жақын туыстарымен (ата-аналар, балалар, асырап алғандар, асырап алынғандар, ағалы-iнiлiлер, апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi), ерекше жағдайларда түзеу мекемесi бастығының рұқсаты бойынша өзге адамдармен бiрге тұру құқығымен берiледi.
Сотталғандар мен жақындарының кездесуі сотталушының жазасына және жаза өтеу барысындағы режимдік тәртіпті сақтауына да байланысты.
Сондықтан, сотталғандар барынша тәртіпті болуға тырысады.
Соның бірі мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған ҚР ҚК-нің 188бабының 1,3- бөлігі бойынша сотталған Н есімді азамат ұзақ мерзімді кездесу бөлмесіне жыл басынан бері төртінші рет кіріп отыр.
- Мен бүгін әйеліммен ұзақ мерзімді кездесуге кіремін.
Мекеменің режим корпусында екі бөлмелі кездесу бөлмесі бар. Онда барлық жағдай жасалған.
Іші ас үй және демалу бөлмесіне арналған жиһаздармен жабдықталған.
Теледидар мен тоңазытқыш, желдеткіш, қысқа толқынды пеш пен шәйнек және пайдалануға қажетті ыдыс-аяқтар бар.
Мен туыстарыммен осымен төртінші рет кездесіп отырмын. Ұзақ кездесу күндері біз үшін өте маңызды, бұл бізге отбасының тұтастығын сақтауға, бір-бірімізді моральдық тұрғыдан қолдауға мүмкіндік береді – дейді, сотталған.
- Шаруашылық бөлімінде жазасын өтеп жүрген азаматтар тәртібіне қарай екі айда бір, жылына алтыға дейін ұзақ мерзімді кездесу алу мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек мекемеде жылына бір рет « Ашық есік » күні өтіліп тұрады. Сотталғандардың бұлайша, туыстарымен қауышуы олардың ертеңгі күндерге деген сенімдерін нығайтуды.
Үйлерінде күтіп отырған балалары мен жақындары бар екенін сезініп, дұрыс жолға түсуге ынталандырады — дейді, жасақ бастығы Н. Ниязов.