12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Петропавл полицейлері 6 күннің ішінде Жол жүрісі ережелерінің 300-ге жуық бұзушылығын анықтады

Жылдамдықты асыру және қарсы бағытқа шығу, солға бұрылған кезде жаңылысу – осындай бұзушылықтар көп жағдайда жол-көлік оқиғаларының жасалуына себепші болып жатады. Жыл басынан СҚО-да орын алған 127 жол-көлік оқиғасынан 40-ында көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Апаттылықты төмендету мақсатында, полицейлер жолда алдын алу жұмысын күшейтті. Шілденің 19-нан облыста «Қауіпсіз жол» акциясы өткізілуде. Басты мақсат – ауыр жол-көлік оқиғаларына алып келетін жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтау.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі басты назарда. Айта кететіні, жыл басынан облыста жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 33 фактісі орын алған, салдарынан 5 адам қаза тауып, 35-і жарақат алған. Демалыс кезінде көшеде балалар саны артады. Полицейлер жүргізушілерге жаяу жүргіншілер жолағы қасында, нашар көрінетін жол учаскелерінде аса сақ болу қажеттігі туралы еске салады. Жаяу жүргіншілермен де профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге болмайды. Жаяу жүргіншілер өткелінде көліктердің сізге жол беріп тұрғанына көз жеткізу қажет. Жол қозғалысының кішкентай қатысушылары ересектердің жүріс-тұрысына еліктейтіні туралы ұмытпаған жөн, бір кезде Жол жүрісі ережелерінің талаптарын елемеген болсаңыз, кейін бұл жолда қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.

«Акция басталғалы тек облыс орталығының аумағында ғана жолда 278 түрлі құқық бұзушылықтар анықталды, — дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах. Өрескел бұзушылықтардың қатарында – жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер тарапынан орын алған жол жүрісі ережелерінің 41 бұзушылығы, көлікті масаң күйде басқарудың 6 фактісі, жаяу жүргіншілерге жолда басымдық бермеудің 10 фактісі. Сондай-ақ, көлікті басқарған кезде телефонды пайдаланғаны үшін 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жолдағы жағдай кенеттен өзгерген кезде рөлде телефонды пайдалану қауіп төндіруі мүмкін, бұны жүргізушілердің бірі білсе, бірі білмейді». «Қауіпсіз жол» акциясы тамыздың 18-не дейін жалғасады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы...

Летняя спартакиада в исправительном учреждении №20 ДУИС по области Абай

В исправительном учреждении прошла традиционная летняя спартакиада, собравшая большое...

ҚАЖ қызметкерлері Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырды.

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы...