ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҚПАРАТЫ БОЙЫНША 7 ҚАРУ ҚОЙМАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Биылғы қаңтар айында Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен қылмыс жасағандарды, заңсыз қару айналымдарын анықтау жұмысына Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты мекемелердің жедел қызметтері де белсенді түрде қатысуда.

Жуырда Алматы қаласындағы Тергеу изоляторы жедел қызметінің ақпараты бойынша Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қаңтар қырғынына белсенді қатысқан және қаладағы «Алпамыс» қару дүкенінен қару тонаған күдіктіні қолға түсірді.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қару тонағанын мойындаған күдікті А. тұратын үйден «Вепрь» маркалы отты қару тәркіленді.

Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жедел қызметінің ақпараты бойынша Алматы қаласының аумағында 7 қару-жарақ қоймасы анықталып, 25 дана отты қару, 31 дана граната, әртүрлі калибрлі 1259 дана патрон, арнаулы құралдар және полиция қызметкерлері мен әскерилердің нысанды киімі тәркіленді.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...