Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған ішкі істер органдарының қызметкерлерінен бой тасалап, қашып жүрген екі сотталғанға іздеу жариялады.
Полиция және пробация қызметкерлерінің жүйелі еңбегінің арқасында өткен жылы екі қашқын құрықталған болатын. Қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға орай мамандар күшейтілген қызмет түріне көшті. Осындай іздеу нәтижесінде, Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған екі сотталған азаматқа іздеу жариялаған болатын.
Олар пробация қызметкерлері жасаған ескертулерге құлақ аспай, жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан, бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шараларға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. Кейбір сотталғандар өздеріне қатысты сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеудің орнына, жазадан жалтаруға дейін барады. Оған нақты мысал, Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Тилектес пен Дастан. Олар өздеріне қатысты сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеуден жалтарып, пробация қызметінің бақылауынан жасырынған.
– Осы себепті пробация қызметімен бұл сотталғандарға қатысты іздеу жарияланып, бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау шарасы тағайындалған. Сотталғандар Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 67-бабының 3-бөлігінің (Процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату) талаптарын бұза отырып, жазаны өтеу ережесін қаскөйлікпен бұзушылар ретінде танылған. Бұл қашқындарға тоқталар болсақ, Ізбасаров Дастан 13.04.1995 жылы шымкент қаласында туылған. Ол 2022 жылдың 8 ақпанында Түркістан облысы, Сарағаш аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, жергілікті атқарушы органдар айқындаған орындарда жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылған. Ал үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері Төлеби аудандық ПҚ есебінде тұрады. Жазасын өтеуден бой тасалап жүр. 2022 жылы 30 мамыр күні Түркістан облысы, Төлеби аудандық сотының №55158-22-2-2м/197 қаулысымен сотталған Д.Ізбасаровқа іздестіру жарияланған. Ерекше белгілері: бойы 170-175 см, салмағы 65-70 келі, шашы қара, көздері қара-қоңыр, бет-әлпеті сопақша, орта денелі, арық келген. Енді екінші қашқынға тоқталар болсақ, Исаев Тилектес, 28.11.2019 жылғы Төлеби аудандық сотының қаулысымен іздеу жарияланып қазіргі таңға дейін аудандық пробация қызметінен бой тасалауда. 05.12.2017 жылы Төлеби аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігімен «5» тармағымен; 126-бабының 2- бөлігімен «1» тармағымен; 191-бабы 2- бөлігімен «1,3» тармағымен 293-бабы 2- бөлігімен «1» тармағымен 58-бабының 3- бөлігімен 60-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып. 10.01.2019 жылы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 73-бабына сай жазасының өтелмеген 1 жыл 10 ай 11 күні жазаның жеңіл түрі бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жылына 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылған. Қазіргі таңда жазасын өтеуден жалтарып, бақылаудан бой тасалап жүр, – деді Төлеби аудандық пробация қызметі бөлім бастығының м.а әділет капитаны Дәурен Смаилов.
Іздеу жариялау туралы қаулының негізінде Дастан мен Тилектесті полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздестіруле. Өткен жылы іздеу жариялаған екі сотталғанды әлеуметтік желінің көмегі арқылы құрықтағанын пробация қызметінің бастығы тәлге тиек етті. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған тұлғалардың тарапынан жаңа қылмыстың алдын алу және сотталғандардың түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында пробация қызметімен ұдайы түрде кешенді іс-шаралар атқарылуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Раушан Нарбек
Түркістан облысы