Полицейлер 5 тәулікте 5700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысы аумағында 1 ай мерзімге жоспарланған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды жүргізілуде. Полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды шараларды іске асыруда. Тәртіп сақшылары бірінші кезекте тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Одан бөлек анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілігін қарастыруда. Іс-шараның бес тәулігінде Түркістан облысының полицейлерімен 5786 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ең көп орын алған құқық бұзушылық қатарында, қауіпсіздік белдігін тақпау. Бұл бойынша 1186 жайты анықталды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден кесіп өткені бойынша 1100 дерек белгілі болды. Көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданудың 527 жайтына хаттама толтырылды. Техникалық байқаудан өтпеудің 362 жайты анықталды. Маневр жасау ережесін бұзған 220 жүргізуші жауапқа тартылды. Ал жылдамдықты шамадан тыс асырған 184 жүргізуші әкімшілік айыппұл арқалады. Заңсыз қайта жабдықтау бойынша 62 дерек анықталып, ішімдік ішіп көлік тізгіндеудің 32 дерегі тіркелді. Сонымен қатар қоғамдық көлік жүргізушілерімен 5 тәулікте 143 құқық бұзушылық анықталды. Мысалы Қызылорда-Шымкент бағыты бойында «VAN HOOL 917» маркалы көлік тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігімен хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды.
Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді. Сіздің бір қателігіңіз өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өмірін жалмауы мүмкін екенін естен шығармаңыз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Құқықтық тәртіп» пробация есебіндегі азаматтар тексерілуде

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық пробация қызметінің инспекторлары...

Мәслихат сайлауы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық мәдениеттің көрінісі

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі азаматтардың ел өміріне белсенді...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі....

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және...

Алаяқтардан сақ болайық!

Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы азаматтарға көптеген мүмкіндіктермен...