Қазақстанда қай өңірлер «сары» аймаққа өтуі мүмкін?

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа жақын өңірлерді көрсетті. Сырқаттанушылық артса, олар «сары» аймаққа өтуі мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір «сары» аймақта тек Нұр-Сұлтан тұр. Елордада бір тәулікте коронавирустың 806 жаңа жағдайы тіркелген.

Матрицада Алматы мен Жетісу облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы «сары» аймаққа жақын келгені көрінеді. Алматыда тәулігіне 532 жаңа жағдай анықталған, ал екі облыста 83 және 84 жағдай.

2022 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы: «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.