spot_img
spot_img

Құжатты цифрландыру – тиімді әдіс

Сот қызметінде ақпараттық технологияларды дамыту және кеңінен қолдану – Жоғары Соттың басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Цифрландыру заманында сотқа құжаттарды тапсырудың ең тиімді тәсілі электронды құжат болып табылады.

Себебі, сотқа жүгінуші уақытты үнемдейді және жол жүру шығындарынан арылады. Ол үшін сізде интернет желісіне қосылған дербес компьютер және ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болса болғаны.          

Сонымен, құжаттарыңызды дайындап алған соң, Жоғары Соттың интернет-ресурсындағы www.sud.kz сайтының оң жақ шетіндегі «Сот кабинеті» қосымшасына кіру арқылы немесе интернет-браузерде «сот кабинеті» деп теру арқылы кіруге болады. Жұмыс «ЭЦҚ» мен «құпия сөзіңізді» еңгізгеннен кейін басталады.

«Сот кабинетінің» алғашқы экраны ашылған соң, атаулары көрсетілген қызмет түрлері шығады. Тұлға сотқа қандай талап қоюмен немесе арызбен жүгінетіңізді білсе, өзіе қажеттісін таңдап, қарапайым ғана тиісті әрекеттерді жүзеге асырып, арызды тиісті сотқа жөнелтеуге мүмкіндік бар. Талап қою немесе қандай да бір жүгіну сотқа түсіп, қабылданған уақытта тіркелгені жөнінде хабарлама келеді. Бұл сервис тиімді әрі көп уақытыңызды алмайтынына көз жеткізесіз.

Сонымен қатар сот кабинеті арқылы істердің қозғалысын бақылауға, сотқа қатысты өзге де құжаттарды жолдауға немесе көшірме алуға, мемлекеттік баж төлеуге, сот хабарламаларымен, іс құжаттармен танысуға мүмкіндік бар.

Сот жүйесі қызметіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу – халықтың сот қызметіне барынша қолжеткізуін қамтамасыз ету үшін негізгі міндеттерінің бірі.

Г.Берденова

Қызылорда қалалық соты кеңсесінің

бас маманы – сот отырысының хатшысы  

Жолдау жүктеген міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті...

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...