Елімізде 15 қыркүйекке дейін табысы туралы декларация табыстамаған шенеуніктер жауапқа тартылады

15 қыркүйекке дейін табысы мен меншігіндегі мүлкі туралы декларация тапсырмаған шенеуніктер жауапкершілікке тартылады. Ережеге сәйке мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар бір жыл ішіндегі кірісін, сатып алған немесе сатқан жылжымайтын, жылжитын мүліктері жайлы есеп беруі керек. Болмаса, айыппұл салынады. Ал нақты табысын жасыру үшін байқамай, кейбір мүлкін көрсетуді «ұмытып» кеткендерге жаза тіптен ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

2021 жылы 20 жылдай талқыланып, түрлі себептермен кейінге шегеріліп келген табыс декларациясын тапсыру басталды. Бірақ кезең-кезеңімен енгізілетіндіктен, әзірге тек мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар тапсырып жатыр. Сонымен қатар банк, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығының ірі акционерлері де міндеттелді. Сәйкесінше, жұбайлары да жылдық кірісі мен мүлкі туралы мәлімет беруі керек.

Бұл – еліміздегі жемқорлық деңгейін төмендету үшін қолға алынған іс. Сол арқылы мемлекеттік қызметте жүріп, бір айлықтың бетіне қарап отырған шенеуніктерде қыруар қаржы, қымбат киім, көліктің қайдан пайда болғанын білуге мүмкіндік болады. Яғни олар табысы туралы ақпаратты беріп қана қоймай оны дәлелдеуі тиіс. Ал кірісін жасырып, толық емес не қате өткізсе, жауапкершілікке тартылады. Алайда айыппұл бірден салынбайды. Алдымен ескерту беріледі. Егер бір жыл ішінде қайталанса, сөз басқа. 

Ережені бұзса, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл 45 945 теңге. Егер қате не толық емес мәлімет берілсе, 9 189 теңге. Жасырып қалса, жасырған объектісіне салынатын салық сомасының 200 пайыз, қайталанса, 300 пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді. Бірақ ағаттық жіберген азаматтар қатесін түсініп, түзетіп жатса, айыппұл салынбайды. 

Әлі алда жалпыхалықтық табыс декларациясының 3 кезеңі бар. Соған сәйкес келесі жылы мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері меншігіндегі активтері жайлы есеп бере бастайды. Яғни дәрігер, мұғалім де жылдық табысын, мүлкін жариялайды. Әйелі немес күйеуі де міндеттеледі. Ал 2024 жылы бизнесмендер, 2025 жылы бүкіл халық тапсырады. 

“Негізі «Е салық азамат» деген мобильді қосымша әзірленіп, осы қосымшаның арқасында көптеген мемлекеттік қызметшілер былтыр және биыл да небәрі екі минуттың ішінде осы декларацияны тапсырып отыр. Оның ешқандай қиын емес екенін дәлелдеп отыр. Сонымен осы үдеріс те жалпы қарапайым халық үшін оңтайлы болуы үшін жасалып отыр”, – деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева. 

Үш жылдан соң қазақстандықтардың басым бөлігі өзіне тиесілі үй, пәтер, жер, көлік, акция, облигация тіпті қорасындағы қой, тауықтарына дейін көрсетуге міндеттеледі. Бұл науқан тұрғындардың тұрмысы мен табысын сәйкестендіруге сеп болмақ. 

Мектеп оқушылары қашан және қанша күн демалады? – Оқу жылының жаңа кестесі жарияланды 

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылының, мектеп демалыстарының және қорытынды аттестаттаудың...

Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Абай күні еліміздегі ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанына да тоқталды.

Нұрай Серікбайдың отбасы күдіктіден 10 млрд теңге талап етті: Ағасы себебін түсіндірді 

Марқұмның ағасы мұндай талаптың не себепті қойылғанын түсіндіріп, істің мән-жайын айтты.

Қайсар Қамза мен басқа блогерлерді заңсыз казино жарнамасына тартқан өзбекстандыққа іздеу жарияланды 

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалаған Өзбекстан азаматына халықаралық іздеу жариялады. Ол 35-тен астам блогерді тартқан.

Қазақстанда кімдер зейнетке ерте шыға алады?

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы 5410 адам ерте зейнетке шығу құқығын пайдаланды.