Қазақстанда жолдарда көліктерді тексеру күшейтіледі

Қазақстан полициясы жолдағы көліктерді тексеруді күшейтеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өкілі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі ел аумағында 18 шілдеден бастап жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты шара өткізіп жатыр. Бұл профилактикалық шара жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізіліп, жол-көлік оқиғасы салдары мәселесіне назар аударуға бағытталған», — делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, демалыс кезеңінде, мерекелік маусымда қалааралық және облысаралық қатынаста көлік қозғалысы артады.

«Әдетте, жол-көлік оқиғалары артады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері көлік құралдарын, оның ішінде жолаушылар тасымалын тексеру мен патрульдік шараларды күшейтеді.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бір ай ішінде өткізетін барлық іс-шара мақсаты — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау», — деді Ішкі істер министрлігі өкілдері.

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Абай күніне арналған әдеби кеш өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...