2022 жылдың 6 айында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 157 деректі анықталды. Оның ішінде есірткі контрабандасы-26, есірткі сату-25, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 11 жайт тіркелген. Ал заңсыз айналымнан 500 келіге жуық есірткі заттары тәркіленіп алынды.
Сонымен қатар есірткіге тәуелді тұлғалардың саны 431-ден 364-ке төмендеді. Бұдан бөлек Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен саябақтарға, аялдамаларға, мектептер мен ауруханаларға және т.б. қоғамдық орындарға «Есірткіге жол жоқ» және «Балаларыңызды есірткіден қорғаңыз» тақырыбында түсіндірме құралы ретінде дайындалған плакат жапсырмалары жабыстырылды. Есірткі және нашақорлыққа қарсы барлығы 38 000-нан астам оқушы мен студент жастар қатысқан 60 профилактикалық іс-шара өткізілді. Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай 30 күнге жоспарланған акция ұйымдастырылды. Оның ішінде «Есірткісіз болашақ» акциясы, таңғы жаттығулар, велосипедшілер шеруі, полицейлердің жауынгерлік дайындығы, жастардың спорттық өнерлері, бірыңғай флешмобтар көрсетілді. Мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері арасында да есірткі бойынша марафон өтті. Одан бөлек маусым айының 1-інен бастап «Қарасора-2022» атты кең ауқымды республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл бойынша тәртіп сақшыларымен қыруар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде есірткі қылмыстарын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастыру, қажетті мамандар, соңғы үлгідегі техникалар мен қызметтік-іздестіру иттерін жұмылдыру, жалпы қылмыстың жолын кесуге бағытталған жедел шаралар және жас буын өкілдерімен болатын кездесулер мен семинарларды атап өтсек болады.
Облыс полицейлері әрдайым психикаға тікелей әсер етіп, одан әрі адам ағзасын құртып жіберуге әкелетін есірткі заттарына мүлдем жоламауды ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі