Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады — Президент

Президент Үкіметке биыл күзде қабылдануы мүмкін кадр мәселесіне қатысты шешімдерді ескертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Онда ол Үкіметтің жұмысы туралы да айтты.

«Жалпы Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысып жатыр. Бірақ қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет.

Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек.

Қазақстанда экономис, кәсіпкер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті», — деді Президент.

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.

Қазақстан мен Франция театр өнері, музей және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Парижде Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және...

 Алматы – жүрегіміздің төріндегі қала

Қала күніне орай №196 жалпы білім беретін мектепте мерекелік...

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...