Кентаудың бұрынғы әкімі 10 жылға сотталды

Сот Кентау қаласының бұрынғы әкімін пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажановқа қатысты үкім шықты. Ол 366-баптың 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде пара алу» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот Дәурен Сәбитұлы Махажановты 24-баптың 7-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу») бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануға үкім шығарды және ҚР ҚК-ның 366-бабы 4-бөлігі. Мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, ведомстволарда, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау органдарында, мемлекеттік ұйымда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салу және он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазаны өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің барынша қауіпсіз мекемелері болып тағайындалады. Мерзім сот үкімі заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі. 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қамауға алу мерзімі жаза мерзіміне есептелсін», — деп үкімді шығарды Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьясы Мәртпек Кәкімжанов.

Бұл іс бойынша басқа айыпталушылар – Лаврентий Бобрышев пен Бауыржан Түмебаев 368-баптың 1-бөлігі «Пара алудағы медиация» бойынша кінәлі деп танылды. Бобрышев бір жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Бауыржан Түмебаев бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылардан процессуалдық шығын ретінде 171 000 теңге өндірілді. Сондай-ақ, Махажановқа жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК (шамамен 91 мың теңге) көлемінде төлемақы өндірілді. Бобрышев пен Түмебаевтың әрқайсына 15 АЕК (шамамен 45 000 теңге) көлемінде өндірілді.

Сот үкіміне 15 күн ішінде шағым жасауға болатыны айтылды.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...