12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторындағы жұмыс саптық тексерістен басталады

ЗК-169/1 тергеу изоляторында үздіксіз өткізілетін іс-шараның бірі саптық тексеріс. Аптаның әр сейсенбісінде өткізілетін бұл тексеріс кезінде, жеке құрамның қызметтік құжаттары, жетондары мен нышанды киім үлгісінің талапқа сай болуы тексеріледі.
Бүгінгі кезекті тексеріс кезінде мекеменің кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлық жөніндегі аға инспекторы, әділет капитаны Тұрымбетов Мирамбек Ұзақұлы жеке құрамның бұл іс-шараға жауапкершілікпен қарауын талап етті.

«Өйткені, қызметкерлердің сыртқы келбеті, ұқыптылығы, азаматтарға сыпайы қарым-қатынасы – ҚАЖ қызметкерінің визит карточкасы секілді. Әрбір жеке құрам иесі нысанды киім кию ережелерін сақтауы, сондай-ақ заңнаманы білуі тиіс. Сіздердің сыртқы келбеттеріңізге адамдармен қарым- қатынас және мінез-құлқтарыңызға қарай азаматтардың құқық саласындағы қызметкерлер туралы ойы қалыптасады », – деп атап өтті ол өз сөзінде.

Осы орайда айта кететін тағы бір жай, Мирамбек Ұзақұлы жақында ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында « Арнайы- тактикалық , атыс дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдері » бойынша оқып, сертификат алып келді.

Қазақстан Республикасы күніне орай пробация қызметінің есептегілеріне арналған экскурсия

Семей қаласының пробация қызметкерлері Қазақстан Республикасы күніне орай есептегі...

Саптық тексеріс өткізілді

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №79 мекемесінің жеке...

“Свет маяка надежды” әлеуметтік жобалар ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінде сотталған...

Заключён меморандум о сотрудничестве с Ассоциацией социальных проектов «Свет маяка надежды»

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области,...