Бұзақылық жасаған ағайынды жас жігіттер ұсталды

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оны түнгі сағат 00:00 шамасында өзінің тұрғын үйінің жанында белгісіз біреулер ұрып, қашып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда полиция қызметкерлері бұзақыларды ұстау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың тиянақты жұмыстары мен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті екі жас жігіт ұсталды. Тәртіп сақшылары жас жігіттерді полиция бөліміне жеткізді.

Тексеру кезінде күдіктілер ағайындылар болып шықты. Анықталғандай, олар жәбірленушінің үйіне жақын тұратын туысының үйіне қонаққа барған. Сыртта отырған сәтте жәбірленуші мен күдіктілер арасында түсініспеушілік орын алып, соңы жанжалдасуға әкеп соққан. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға, адамдар арасындағы түсініспеушілік кезінде сабыр сақтауға шақырады. Әрбір әрекет үшін заң алдында жауап беретінді де үнемі еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жауапсыз қалған сұрақтар: неліктен Боқаевтың жақтастары журналистердің сұрақтарына жауап бергісі келмеді?

«Санжар Боқаевты Құрылтай сайлауы аясында қылмыстық қудалау. Мәлімдеме» деген...

Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды

Бүгін Алматы қаласында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер...

Больше процентов, не значит лучше: что скрывает рейтинг ЮНЕСКО по расходам на образование

Казахстан направил 6,7 трлн тенге на образование, 44 отечественных...

Хирургия без границ: какие уникальные операции сегодня выполняют в АМКБ

Современная хирургия стремительно развивается, и сегодня многие операции, которые...

Хирургия мүмкіндіктері: бүгінде АККА-да қандай бірегей оталар жасалуда

Қазіргі хирургия қарқынды дамып келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын...