Утильалымның жаңа мөлшерлемесі: қазақстандықтарға қанша ақша қайтарылды?

14 мамырдан кейін утильалымды ескі тариф бойынша төлеген қазақстандықтарға алым мөлшері қайта есептеліп, 250 миллион теңгеден аса ақша қайтарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Төлемдерді қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға 2022 жылғы 14 мамырдан бастап (қоса алғанда) берілген утильалым өтінімге негіз болады. Осылайша, 14 мамырдан бастап оператор ескі тарифтері бойынша утильалым төлеген тұлғаларға 250 миллион теңгеден аса ақшаны қайтарды», — деді «Жасыл даму» АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Қалдықтарды жинаудың ұлттық операторы 2022 жылғы 14 мамырдан бастап қарауға ұсынылған қайта өңдеу төлемін жүзеге асыруға өтінімдер бойынша қайтарылған қаражатты қайтару және (немесе) есепке жатқызу мүмкіндігі туралы еске салды.

Қандай бақбақты жұлуға тыйым салынған?

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев қазақстандықтарға қандай гүлдерді жұлуға болмайтынын түсіндірді.

Еуроодақ әлеуметтік желі қолданушыларына жас шектеуін енгізуді қарастырып жатыр 

Еуроодақ биыл жазда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеп, қолданушылардың жасын тексеру арқылы цифрлық кәмелет жасына қатысты бірыңғай ережелер енгізуі мүмкін.

Елордада 4 мыңнан астам күмәнді сайт бұғатталды 

SIM-карталарды заңсыз тіркегені үшін 4 адам ұсталды. Олардың қолынан қылмыстық схемаларда қолданылуы жоспарланған 400-ден астам SIM-карта тәркіленді.

Әлемде хантавирусқа байланысты дабыл күшейді: Қазақстан не істеп жатыр? 

Оңтүстік Америкадан шыққан экспедициялық кемеде хантавирустық инфекция жағдайлары тіркелгеннен кейін бұл вирус әлем назарын қайта аудартты. ДДСҰ әзірге кең таралу қаупін төмен деп бағалап отыр.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДЕГРАДАЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚҚА ТIРЕЙДI

Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында палата депутаттарының бастамасымен дайындалған бірқатар маңызды заң жобалары бірінші оқылымда талқыға түсті. Құжаттар топырақты қорғау жəне жол қауіпсіздігі мен цифрландыруға қатысты қоғамдағы өзекті мəселелерді шешуге бағытталған.