12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қайрымдылық жасасаң қайырың өзің көрерсің

Кентау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар жағдайы төмен отбасыға және мүгедек жанға көмектесті.

«Қайрымдылық жасасаң қайырың өзің көресің» деген ұстанымды ұстанған Кентау қалалық пробация қызметі жағдайы төмен және мүгедек жандардың үй шаруашылығына көмектесіп келеді. Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығы мен бес сотталған азамат өз еркімен қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын Матап және Ислам есемді азаматтардың үй шаруасына көмектесіп, отынын жарып, жерін қоқыстан тазалап берді.

«Қыстың қамын жазда ойлағанның зияны жоқ» демекші қысқы отынды отап алуға жалғызбасты қарт кісіні мен екінші топтағы мүгедек адамның денсаулығы жарамайды. Екі кісінің жағдайын түсінген пробация қызметі оған қолдау көрсету мақсатында ерікті сотталғандармен бірлесіп, материалдық тұрғыда қолдау білдірді. Қысты күні ошаққа жағатын отынын жарып, үйдің ауласын тазартып, жерін аударып, үй шаруасына қолқабыс етті.

Біздің пробация қызметтінің есебінде тұратын Манап есімді азамат жағдайы төмен отбасының қатарына жатады. Ал, Ислам есімді азамат 2 топтағы мүгедек. Олардың үй шаруашылығына көмектесетін балалары болмағандықтан пробация есебінде тұрған ерікті сотталған азаматтарды ертіп барып көмектесіп тұрамыз. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған сотталғандар да өз еріктерімен барып, ол кісіге көмектесті. Аталған қайырымдылық іс-шарасына пробация есебінде тұрған азаматтарды тартудағы мақсатымыз — оларды қоғамға бейімдеп, жауапкершілікті сезінуге шақыру. Жалпы көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созу ізгі істің үлгісі деп білеміз, — дейді Кентау қалалық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы Ғалым Бердишев.
Қиналған кезінде қамқорлыққа бөлеген Манап пен Ислам пробация қызметі мен ерікті сотталған азаматтарға ризашылығын білдірді.

Бұл үй менің бақытты күндерімнің естелігі. Қазіргі таңда. үйдің ауыр жұмысын жасауға менің денсаулығым жарамайды. Менің мүгедектігіме алатын жәрдемақым коммуналдық қызметтер мен дәрі-дәрмекке ғана жетеді. Күнделікті азық- түлік пен киім-кешекке ауыспайды. Осыны ескеріп, үнемі материалдық көмек көрсетіп жүрген Кентау қалалық пробация қызметіне алғысымды айтамын, — деді Манап.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Департамента УИС по городу Астана исполнили кюй «Сарыарка»

В честь Национального дня домбры сотрудники подведомственных учреждений Департамента...

№2 мекемесінің аумағында сенбілік өткізілді

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес және ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінің...

В учреждении №2 ДУИС по городу Астана прошли соревнования ко Дню рыбака

В честь Дня рыбака в учреждении №2 Департамента уголовно-исполнительной...

№2 мекемесінде балық аулау бойынша спорттық жарыс ұйымдастырылды

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінде Балықшылар күніне...

Балалар колониясында Астана күні аталып өтті

 6 шілде Астана қаласының туған күніне орай,  Алматы қаласы,...