Құқықбұзушылық анықталмады

Сауран ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған 15-тен астам сотталғанның мекенжайы бойынша тексерді.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Сауран аудандық пробация қызметі есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын қайта қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты орындарын анықтау мақсатында Сауран аудандық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесіп «Пробациялық бақылау» атты облыстық жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

Осы іс-шара барысында пробация есебіндегі сотталғандарға тұрғылықты жері, жұмыс істейтін жағдайы, жұмыс орны әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдардың басқа да есептері бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бр күнде есепте тұрған 15 сотталған тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Іс-шара барысында бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу анықталмады.

Сондай-ақ, шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізді, — деді Сауран аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Қайсарбек Серманов.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...