spot_img
spot_img

Қызылордада сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті

Елорда күні мерекесіне орай ҚАЖ департаментінің ЗК-169/4 мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан турнир өткізілді. Мекеменің тәрбие бөлімі мен «Жігер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген шахмат турниріне 20 сотталған қатысты. Спорттық шараны ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу тобының бас маманы әділет подполковнигі Серік Сейдахметов ашып, мерекемен құттықтап,жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан соң «Жігер» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Жұмаділдаев шахмат турнирінің ережесімен таныстырды.

Тартысты өткен шахмат турнирінде 1орынды Н есімді сотталған жеңіп алса, 2,3орынды А және Е есімді сотталғандар өзара бөлісті. Тартысты өткен жарыста белсенділік танытқан сотталғандар да сыйлыққа ие болды.

«Мен шахматты сотталғанға дейін жақсы ойнадым, бірақ мен мекемеде де жақсы дайындалдым, соның нәтижесі шығар бірінші орын алдым – деді ойыншылардың бірі, сотталған Нұрхан. Өткізілген турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған сотталғандар грамотамен марапатталды.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

№21 мекемесінде сотталғандар арасында шығармашылық байқау өтті

Абай облысында «Бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірім» атты іс-шара өтті,...

В Атырау по амнистии освободились восемь женщин из колонии

В Атырау по закону об амнистии на свободу вышли...

«Менің өмірім бұрын және кейін»: Абай облысының әйелдер колониясындағы профилактикалық акция

Абай облысының әйелдер колониясында сотталғандардың болашаққа деген оң көзқарасын...

Nº15 мекемесінде Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен екі ангар өндірістік цехтары салынуда

Казакстан Республикасының Президентінің тапсырмасын жэне Казакстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алқасының...