​​​​Қазақстан Өзбекстандағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

​​​​Қазақстан Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес.

Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады.

Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз.

Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз.

Қазақстан Өзбекстанмен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем», — делінген мәлімдемеде.

Күш азайып, Алматы жақындай түсті: Меңдібай аға жолдың ең қиын шақырымдары туралы айтты

«Құрылтайға жол» хикаясының жаңа шығарылымы сапар барысындағы ең шынайы...

«Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету

Әскери тәртіпті нығайту – құқық бұзушылықтың алдын алудың кепілі 2026...

«Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету

ӘРПК: Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаудағы соттың белсенді рөлі 2026 жылғы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – баршаның міндеті

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің тұрақтылығы...

Мемлекеттік тіл: Бүгіні мен болашағы

Мемлекеттің ұлылығы - ең алдымен оның Ата заңы мен...