12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталған: домбырам қара шаңырақта қалды

Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінен бері Ұлттық домбыра күні тойланады. Осы орайда, ЗК-169/1 тергеу изоляторының жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Н.Ниязов мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандарына отаншылдық тәрбие беріп, ұлттық аспапқа деген құрметпен қарау сезімін ояту мақсатында, ақпараттық сағат өтті.

Шара барысында жасақ бастығығы алдымен, баба мұрасы домбыраның шығу тарихы мен оның әлемге танылуы туралы айтып баяндады.

Археологиялық қазба жұмыстары, тасқа түскен ескерткіштер домбыраның ежелгі түркі дәуірінде пайда болғанын көрсетеді. Алғаш домбыраның шыққан жері түркі халықтарының алтын бесігі Алтай тауы болып саналады.

Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. – дей келіп, домбыра және күй тарихтары жайында аңыздар айтып берді.

Бұдан соң, С есімді сотталған қолына қазақы домраны алып, Құрманғазының « Балбырауын» күйін тартты. Бұл күйді маған оқушы кезімде мектептегі ән сабағының ағайы үйреткен болатын. Домбыра үйірмесіне қатысып жүргенімді естіп әкем домбыра сатып әкеліп берді. Ән айта алмасам да, аз- маз күй шертемін. Бостандыққа шыққан соң ұлыма домбыра сатып алып беремін.

Әкемнің домбырасы қара шаңырақта қалды- десе, келесі бір жаза мерзімін өтеуші азамат: Мен мектепте әдебиет сабағын қызығып оқитынмын. Домбра, күй туралы аңыздар өте көп — деп, І.Жансүгіровтың « Күй» поэмасынан үзінді оқып берді. Ия, қазақ ежелден қуаныш пен қайғыны, жақсылық пен жамандықты қара домбыраның үнімен жеткізген. Қоршаулы қорған ішінде әлі де алда жазасының өтелмеген біраз бөлігі бар сотталған азаматтар да, іштегі-мұң шерін, жақындарына, туған жеріне деген сағыныштарын шертпе күйдің шерімен шығарып алды деп ойлаймын.

Өйткені, өткізілген іс-шарадан соң, олар күнделікті жұмыстарын атқаруға жақсы көңіл — күймен кірісті.

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...

Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар да «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында...

Келес аудандық пробация қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын...

Қақпа алдында кездесу

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...