Пробация есебіндегі сотталғандар музейге экскурсия жасады

Шиелі аудандық пробация қызметі мен аудандық Жастар ресустық орталығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейіне эскурциялық шара ұйымдастырды.
Музей қызметкерлері пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға күріштің бабын тауып, баласындай мәпелеп, дүниежүзілік рекорд жасаған қазақтан шыққан диқан Ыбырай Жақаев атамыздың еңбегі мен жеткен жетістіктері, бүкіл ғұмырында тұтынған заттарымен таныстырды.
«Бүгінгі шарадан керемет әсер алдым. Музейдің үш залын аралап, диқан атамыздың еңбектегі жемісті, жеңісті жолдарынан көп мағұлмат білдім. Музей ұжымына алғысым шексіз»,-деді есептегі азамат.


Дана Достанова

«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша...

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде...

Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы...