Қазақстанда маска тағу режимі қайтарыла ма?

Қазақстанда карантинді күшейту мәселесін шенеуніктер ВАК отырысында талқылайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол елде әзірге төтенше жағдай жоқ екенін айтты.

«Вакцинация — басты мәселе. Әзірге төтенше жағдай жоқ, бірақ науқастар саны өскен жағдайда маска тағу режимі қайтарылуы мүмкін. Қазір тәулігіне 100 адамға дейін өсу бар. Карантин шараларын күшейту мәселелерін ВАК отырысына шығарамыз. Маска бойынша ғана емес, жалпы шаралар бойынша», — деді Тоғжанов.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді 

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау процесіне өзгерістер енгізілді.

Жанармай мен коммуналдық тарифтер қымбаттауы мүмкін: 1 сәуірде мораторий аяқталады 

Елде жанармай мен коммуналдық қызмет тарифтеріне қойылған мораторий 1 сәуірден бастап аяқталады. Ол ел экономикасына қандай өзгеріс алып келеді?

Зардап шеккендер бар: Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты 

Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы маңындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Жетісу облысында жер сілкінді 

Сейсмологтар Жетісу облысында 31 наурызға қараған түні магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстанда көші-қон заңын бұзған 1 200 адам елден шығарылады 

Қазақстанда көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды.