Қазақстанда балалардың ойын алаңдарына қойылатын талаптар күшейтілді

Қазақстанда енді ойын алаңдарының тиісті сертификаттары мен декларациялары, техникалық паспорты болуы керек. Осылайша балалардың ойын алаңдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Оған қоса, алаңдарды пайдалану ережелері туралы ақпарат тақтасы тұрады. Сондай-ақ, әр ойын кешені балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес салынуы қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылы күшіне енген техникалық регламент 2021 жылдың соңына дейін өтпелі әрі қосымша ережелермен толықтырылған. Бұл аралық кезең Қазақстандағы барлық балалардың ойын аймақтарын жабдықтауда қатаң талаптарды енгізуге, оның ішінде сынақ зертханаларын, сәйкестікті растайтын орталықтарды дайындау үшін қажет болды дейді мамандар.

Айтуынша, техникалық регламенттегі ерекшелік — бұдан былай ойын алаңдарында ақпараттық тақта болады.

“Онда жабдықты пайдалану қағидалары, жабдықтың тізбесі, онда ойнайтын балалардың жас тобы, біреуі 0-5 жас аралығындағы балаларға арналған, басқасы 5-12 жас аралығы деген секілді жас тобы тұрады”, – дейді  «ҚазСтандарт» РМК Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығының сарапшысы Берік Ербосынов.

Сарапшының сөзінше, қазіргі уақытта балалар ойын алаңдарының арнайы сертификаттары мен декларациялары, техникалық паспорты болуы керек.

Ойын жабдықтарын жасауда пайдаланылған барлық материал жылдың қай мезгілінде болмасын адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы керек. Құрылым берік әрі төзімді болуы шарт. Ал ата-аналар бұл өзгерістерді қолдайды.

ҚазСтандарт өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда балалардың ойын алаңдарының 34 өндірушісі бар және Ресей мен Қытайдың өндіруші зауыттарының ресми дистрибьютерлері өз қызметін жүзеге асырады.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.