12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Меценат Молдияр Нұрбаевтың демеушілігімен Жетісу өңірі тұлғаларын ұлықтады

Кеше ғана Алматы облысынан бөлініп шыққан Жетісу облысында ұлан асыр той өтті. Осы өңірге белгілі азаматтар Ұлы Отан соғысына қатысқан Ақсулық қос арыс – Кеңес Одағының Батыры Есмұрат Сиқымов пен ҚР ҰҒА академигі, көрнекті ғалым Жүрімбек Сыдықовтың 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіштерінің ашылуы өтіп, оның соңы арнайы конференцияға ұласып, ас беріліп, бәйге шаптырылған, балуандар бақ сынасқан үлкен шарамен жалғасын тапты.

Атап өтер жайт, меценат, Алматы облысының Құрметті азаматы Молдияр Нұрбаевтың ұйытқы болуымен ұйымдастырылған мерейтой жоғары деңгейде өтті.
Ұлы Отан соғысына қатысқан Ақсулық қос арыс – Кеңес Одағының Батыры Есмұрат Сиқымов пен ҚР ҰҒА академигі, көрнекті ғалым Жүрімбек Сыдықовтың 100 жылдық мерейтойы қос батырдың көзтартар ескерткішінің ашылуымен басталды.

Болашақ жас ұрпақ қос тұлғаның есімін жадында мықтап сақтап, олардың өнегелі өмірін үлгі ету үшін аудандық Мәдениет үйінде «Ерліктің қос шырағы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференциясымен жалғасты. Арнайы Түркиядан алдыртқан белгілі жас ғалым Елдос Тоқтарбай мен Алматыдағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің жетекші ғалымдары қос тұлға туралы кеңірек баяндама жасап, батырлардың есімі құрметке лайық екенін көрсетті.

Осы орайда атап өтсек Есмұрат Сиқымов (1922-1943) майдан даласында жиырма бір-ақ жасында ерлікпен қаза тапқан боздақ. Өмірдің не қызығын, не қуанышын көре алмай, үйленіп, перзент сүйе алмай арманда кеткен ер. Ал Жүрімбек Сыдықов (1922-2018) болса, соғыстан мүгедек болып оралып, ғылым саласында үлкен жетістікке жеткен, қазақ ғылымының шоқжұлдыздары Қаныш Сәтбаев, Натай Кенесарин, Уфа Ахметсафиндердің ықыласына бөленіп, батасын алған зейінді зерек тұлға. Есмұрат қиян-кескі ұрыста көзсіз ерлікке барып, жау қолын Кеңес Үкіметіне өткізбей, екі сағат жалғыз өзі шабуылға тойтарыс беріп, көз жұмған шаһид.

Конференциядан соң екі батырдың рухына арналып құран-хатым түсіріліп, көпшілікке құдайы ас дастарханы жайылды. Меценат Молдияр Нұрбаевтың ұйымдастыруымен бүгінгі қазақ эстрадасының жұлдыздары Секен Тұрысбекұлы, Медеу Арынбаев, Серік Ибрагимовтер жиналғандарға мерейтойлық, гала-концерт те өткізді.

Бәйге шаптырып, балуандар бақ сынасып спорттық шаралар да ұйымдастырылды.

Молдияр Қылшықұлы «Берікбол Қасымов және аудан әкімі Есім Базархановтың осы екі батыр атамыздың ескерткішін орнатсақ деген ұсынысының соңы осындай шараға ұласты. Екі батыр да құрметке лайықты еді. Мен бұл ретте осы ескерткішті қою кезінде ұсыныс айтқан Берікбол Қасымовқа, ескерткіштің тұғыртасын орнатуға көмектескен Сабыр деген кәсіпкер бауырыма және күрестің бірінші жүлдесіне ат тігіп, құдайы асқа тағы бір атын сойып оң жағымнан шығысқан Мүсеке Әмірұлы досыма дұғай-дұғай алғысымды білдіремін. Осы екі ескерткіштің авторы, белгілі мүсінші, ҚР Мәдениет қайраткері Қазбек Дулатовқа айрықша алғысымды білдіріп, шығармашылық табыс тілеймін.Бұл менің ғана емес отбасымның, Ақсу халқының бірігіп жасаған жұмысы деп айтқаным жөн болар» дейді.

«Сұңқар құс несібесін шашып жейді» дегендей дәулетін осындай игі іске жұмсап, әруақты да риза етіп, халқының да көңілінен шығып жүрген меценатқа халық та дән риза!

Қазақ әдебиетіндегі Жошы «жорығы»

Роман (X-XII ғасырларда роман тілдерінде жазылған әрқилы сипаттағы шығармалардың...

Дворцы для всех

Начиалось все так здорово, что талдыкоргацы глазам своим не...

В Алматинской области обсуждены вопросы социальной адаптаци осужденных

В акимате Талгарского района состоялось заседание консультативно-совещательного органа, посвященное...

Медицинский туризм в Шымкенте 

Шымкент – третий по величине город Казахстана последние годы...