12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызылорда облыстық соты журналистерді құттықтады

Бүгін, Қызылорда облыстық сотында 28 маусым «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Жиынға Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы С.Сүлеймен, Қызылорда облыстық сотының судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Ш.Маликова, жергілікті телеарналар мен баспасөз өкілдері, сот қызметкерлері қатысты. 

Салтанатты шараны С.Сүлеймен ашып, журналистика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Өз сөзінде еліміздің татулығы мен тұрақтылығының хабарлайтын журналистердің қашан да құрметке лайық екенін, Алаш көсемі Міржақып Дулатовтың осыдан ғасыр бұрын айтқан «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» — деген сөзінен мысал келтіре отырып сала мамандарының елдің бет-бейнесі екенін атап өтті.

Сонымен қатар мереке қарсаңында сот жүйесі қызметінің жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар журналистер мен белсенділік танытқан сот жүйесінің қызметкерлерлері арнайы алғыс хатпен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік жиынды Ш.Маликова қорытындылап, төртінші билік өкілдерінің сотпен тығыз қарым-қатынас орнатудағы белсенді рөлін атап өтіп, өз атынан жасап жатқан жұмыстарына алғысын білдірді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...