Қызылорда облысы соттарының арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды

24 маусым «Судья мен сот қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай және өмірден өткен әріптестерді еске алу мақсатында Қызылорда облысы соттарының арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

Шараны Судьялар Одағының облыстық филалының төрағасы М.Еркінбеков пен Соттар әкімшісінің басшы С.Сүлеймен  ашып, барлық жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі
Спорт бәсекесінде судьялары мен сот қызметкерлерінен құралған Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қалалық сотының  «Барыс», Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандық соттарының  «Сұңқар», Қызылорда қалалық және Қызылорда қаласының №2 сотының  «Қанағат», мамандандырылған соттардың  «Найзағай» және Қызылорда облыстық сотынан құралған «Айбын» командалары команда  сынға түсті.

Ойын қорытындысы бойынша Айбын үшінші орын алса, Сұңқар  екінші тұғырдан көрініп, Найзағай командасы чемпион атанды.

Жеке номинациялар бойынша Қанағат командасының ойыншысы Б.Жаңабаев үздік үйлестіруші, Сұңқар командасының ойыншысы И.Тұңғышбаев үздік ойыншы, Найзағай командасынан Н.Жиенқожа үздік шабуылшы атанды. Жеңімпаздар арнайы кубокпен марапатталды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің орны ерекше. Ал сол сот...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...