Қазақстанның этникалық құрамы туралы мәлімет жарияланды

Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамы туралы деректер жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жобасын жариялады. Құжатта қазақстандықтардың ұлттық құрамы туралы деректер көрсетілген.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адам болған, оның ішінде ең көп пайызы:

  • қазақтар — 69,03 пайыз;
  • орыстар — 18,47 пайыз;
  • өзбектер — 3,29 пайыз;
  • ұйғырлар, 1,5 пайыз;
  • украиндар — 1,3 пайыз;
  • татарлар — 1,06 пайыз;
  • немістер — 0,92 пайыз;
  • түріктер — 0,61 пайыз;
  • корейлер — 0,57 пайыз;
  • әзербайжандар — 0,61 пайыз;
  • дүнгендер — 0,40 пайыз;
  • белорустар — 0,26 пайыз;
  • тәжіктер — 0,27 пайыз;
  • күрдтер — 0,25 пайыз;
  • шешендер — 0,18 пайыз;
  • поляктар — 0,15 пайыз;
  • башқұрттар — 0,09 пайыз;
  • басқа этнос өкілдері — 1,04 пайыз.

Жалпы, 2018-2020 жылдарға арналған халық санының статистикасы ел тұрғындарының тұрақты өсу тенденциясын көрсететіні айтылған. Соңғы үш жылда Қазақстан халқының саны 2,6 пайызға өсті.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.