26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеуге орай Қызылорда қалалық мәдениет және демалыс саябағында есірткіге қарсы кешенді акция өтті

Іс-шара барысында есірткіге қарсы насихатта ерекше көзге түскен азаматтар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Митинг соңында қатысушыларды концерттік бағдарлама күтіп тұрды, онда тақырыптық театр және би қойылымдары, сондай-ақ Кинологиялық орталықтың қызметтік иттерінің жұмысы көрсетілді.
Концерттік бағдарламамен арнайы шақырылған қонақ, қазақстандық эстрада жұлдызы Мәди Қадыров өнерін көрсетті. Сонымен қатар, полиграфиялық есірткіге қарсы өнімдерді және балаларға арналған ойыншықтарды тарату ұйымдастырылды.
Айлықты өткізу кезінде облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері ақпараттық-насихаттау жұмыстарын да ұйымдастырды. Облыс аумағында халық көп жиналатын жерлерде нашақорлық, қылмыстық жауапкершілік проблемалары туралы арнайы дайындалған плакаттар мен үгіт парақтары, сондай-ақ «сенім» телефоны туралы ақпарат ілінді, балалар мен жасөспірімдер арасында алдын алу іс-шаралары жүргізілді, кездесулер, спорттық іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылды.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...