12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот тарихындағы қос қуаныш құтты болсын!

Судьялар мен сот қызметкерлері мерекесінің күнтізбеге ресми түрде енуі – ғұмырын сот төрелігіне арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған қазыларды, жалпы сала өкілдерін үлкен қуанышқа бөледі.
Биыл экономикалық соттардың судьялары үшін қос қуаныш қатар келіп отыр. Олай дейтініміз, Қазақстанның экономикалық соттарының құрылғанына – 20 жыл болса, кәсіби мереке сот тарихында тұңғыш рет тойланады. «Қуанышты бөліссең көбейеді»,- дегендей, 30 жыл бойы күткен қуанышқа үнсіз қосуды жөн көріп отырмыз.
Жалпы айтқанда, сот жүйесіндегі тынымсыз ізденістер нәтижесінде жасалып жатқан реформалар жалғасын тауып, өзін-өзі ақтауда. Солардың ішінде соттардың мамандандырылуын айрықша атауға болады. Себебі, мамандырылған соттардың құрылуы тәуелсіз мемлекетіміздің сот жүйесі тарихындағы ең ірі өзгеріс саналады. Көпшілік мамандандырылыған соттар бастауында экономикалық соттар тұрғанын да жақсы біледі.
Мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі сот реформаларын одан әрі жүзеге асыру болса, осы бағытта Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы 20 жылдан бері жұмыла еңбек етіп келеді.
Экономикалық сот судьялары қызметкерлер құрамының кәсібилігімен ерекшеленді және облыстағы жетекші соттардың бірі саналады. Өйткені, соттың бастауында заңдылық пен әділдік жолына барлық күш-жігер, ақыл-ой, тәжірбиесін жұмсаған әріптестеріміз тұр. Сот жұмысын жаңа белестерге шығару жолында аянбай тер төккен судьяларды ұжымның ғана емес, жалпы елдің мақтанышына баласақ артық болмас.
Жалпы қазылар қауымы әрбір істің ақ-қарасын ажыратуда таразы басын тең ұстап, әділ шешімдер шығару арқылы заң үстемдігін қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Бүгінде Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотын тәжірибелі судья әрі іскер ұйымдастырушы Б.Кожахметов басқарып отыр. Сондай-ақ, сотта А.Абдрахманов, Г.Башенова, Ж.Ибрагимова, М.Омарбеков, М.Садуакасова сынды білікті судьялар еңбек етеді. Олар қажырлы еңбектерімен танылып, лайықты бағаларын алған, яғни, түрлі марапат иелері.
Сонымен қатар, сот жұмысының тыңғылықты ұйымдастырылуында кеңсе меңгерушісі мен жетекші мамандардың, сот мәжілісі хатшыларының, өз істерін терең меңгерген басқа да қызметкерлердің еңбегі зор. Олар азаматтардан түскен сұрақтарға дер кезінде жауап береді, барлық мәселені тез арада шешіп, сапалы қызмет көрсетуде.
Біздің сотта қажетті мәліметтер мен ақпараттарды алуға толық мүмкіндік жасалған. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғай алуына септігін тигізеді. Ашық есік күндерінде сотқа жүгінушілер сұрақтарына сот төрағасы тікелей жауап береді. Халықтың құқықтық сауатын көтеру шараларынан да қалыс қалмай, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз.
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты судьялары дана билеріміздің дау шешудегі «қара қылды қақ жару» қағидатын берік ұстанған.
Әділдік жолында талмай еңбек етіп жүрген судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақстан соттарының абыройын асқақтап, беделін биіктету барысындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Отбасыларыңыз аман болсын!

Жанар Ибрагимова,
Алматы облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының
БАҚ-пен байланысын үйлестіруші-судьясы

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню в...

№3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

ҚАЖ Департаментінің №3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын...

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамерті...

Абай мұрасы – ұлттық рухани қазына: Алматыда арнайы семинар өтті

2025 жылдың 13 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы...

Рабочее совещание!

В актовом зале РГУ «учреждения Nº3» КУИС МВД РК...