Қазақстандықтар табысының 50%-ын азық-түлікке жұмсайды — Зерттеу

Қазақстан отбасылары табыстарының 50% азық-түлікке, оның ішінде 46%-ын тамақ сатып алуға жұмсайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстанда үй шаруашылығындағы шығыстар бір жылдың ішінде 17%-ға артып, ал кіріс тек 16%-ға ғана көтерілген.  Жыл ішінде Қазақстандағы үй шаруашылықтарының ақшалай кірістері 15,5%-ға өсіп, осы жылдың 1-тоқсанында бір үй шаруашылығына шаққанда орташа есеппен 777,8 мың теңгені құрады. Ал үй шаруашылығына жұмсалатын шығын 17%-ға ұлғайып, 754,6 мың теңгеге жетті. 

Үй шаруашылығына жұмсалатын шығын кіріске қарағанда бір жылдың ішінде 95,8%-дан 97%-ға дейін өсті. Яғни кірістің 97% тұтынушылық шығыстарға, туған-туыстар мен таныстарға материалдық көмек көрсетуге, алимент, сонымен қатар салық және өзге де төлемдерге жұмсалған. 

Қазақстанның өңірлері арасында 2022 жылдың 1-тоқсанындағы ең жоғары шығыстар Алматы қаласының үй шаруашылықтарында (935,9 мың теңге) байқалады. Одан кейінгі орында Қызылорда (881 мың теңге) мен Қарағанды (862,3 мың теңге) тұр. 

Еліміздің үш өңірінде, атап айтқанда Түркістан (15 пайызға), Алматы (14,8) облыстары мен Алматы қаласында үй шаруашылығының шығыстары кірістен асып кеткен. 

2022 жылдың 1-тоқсанында үй шаруашылығындағы шығыстардың құрылымында тұтынушылық шығыстар 92% немесе 693,2 мың теңгеге тең. Оның ішінде 377,4 мың теңге азық-түлік, 182,6 мың теңге азық-түлік емес тауарлар сатып алуға жұмсалып, 133,1 мың теңге ақылы қызметтерге шығындалды. Сонымен өзге шығыстар 25,5%-ға артты. Бірақ ораташа есеппен алғанда бір үй шаруашылығына 61,4 мың теңгені ғана құрады. 

Үй шаруашылығы шығыстарының басым бөлігі азық-түлік пен алкогольсыз сусындар сатып алуға жұмсалады: 349,2 мың теңге. Бұл барлық шығыстардың 46,3%-ын және азық-түлік тауларларын алуға арналған шығыстардың 92,5%-на тең.

Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королін құрамасының әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады.

Елімізде 48 градусқа дейін күн ысиды

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы сақталады.

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама келді

Қырғызстанда түнде магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Осыдан кейін Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына көрші елде қайталама жерасты дүмпулері болуы мүмкін екені туралы шұғыл ескерту хабарламасы келді.

ӘЧ – 2026: Мбаппе тарихи рекорд орнатты, Родри әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды 

2026 жылғы әлем чемпионатының жеке марапаттарында Испания құрамасының ойыншылары басымдық танытса, Килиан Мбаппе өзінің тарихи жетістігімен әлем футболы тарихына тағы бір мәрте есімін жазды.

Көлік инфрақұрылымы: Елдің транзиттік әлеуеті қалай артып жатыр? 

Жыл басынан бері Қазақстан арқылы өтетін транзит көлемі 24 пайызға артты