Парламентке Елбасына қатысты жеке заңды алып тастау туралы норма ұсынылады

Парламент қарауына Тұңғыш Президент туралы жеке заңды алып тастайтын норма ұсынылады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алып тасталған соң, тиісінше бұл заң да алып тасталуы керек. Бұл Конституцияда қабылданған өзгерістерге сәйкес кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заң жобасы шеңберінде болады. Ол биыл Парламент қарауына енгізіледі», — деді Мусин.

Әділет министрінің айтуынша, Қылмыстық кодексте Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылық үшін жауапкершілік көзделетін жалпы бап қана қалады.

«Бұл барлық президентке ортақ. Елбасы үшін бөлек бап болмайды», — деп атап өтті Қанат Мусин.

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау...

Жер – өңірдің басты байлығының бірі: оны ұтымды әрі тиімді пайдалану – ортақ міндет

Жер – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық дамуының негізгі...

Қазақ – бақытты әрі жасампаз ұлт

«Біз ешкімнен кем емеспіз. Көршілерімізбен де, басқа мемлекеттермен де...

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...