12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ДАМУ ЦИФРЛАНУҒА ТІКЕЛЕЙ ТӘУЕЛДІ

Сот жүйесінің кешегісіне көз жүгіртіп, бүгінгісіне талдау жасайтын болсақ саланың уақыт сұранысына сай бейімделіп, қаншалықты тез дамып жатқанына көз жеткізуге болады. Соған қарап оның ертеңінің де жаман болмайтынын ұғына түсеміз. Оған саланың сандық жүйеге өтуінің маңызы зор!

Цифрландырудың арқасында жүйеде ашықтық, жариялылық орнап, халықтың сотқа деген сенімі артып келе жатыр. Демек, сала сот жүйесінің алға қойған мақсатына сай түлеуде. Менің сот жүйесінде жұмыс істеп келе жатқаныма 19 жылдан асыпты. Жетекші маман, бас маман, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, кеңсе меңгерушісі секілді қызметтерді атқарып, сатылап өскендіктен, жүйедегі оң өзгерісті үнемі байқап келемін.
2018 жылдың басында еліміздің сот жүйесіне бірқатар стратегиялық тапсырмадан тұратын «Сот жүйесінің 7 түйіні» атты жоба енгізілген болатын. Аталмыш жобаның «Төртінші түйіні» – Smart sot немесе Е-СОТ деп аталды. Атының өзі айтып тұрғандай, бұл бағытта автоматтандырылған электронды сот өндірісі қолға алынды. Ең алдымен қолданыстағы «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі негізінде барлық іс жүргізу электронды түрде жүзеге аса бастады. Саланың дер кезінде уақыт сұранысына сай бейімделуінің тиімділігін, әсіресе, пандемия кезінде анық сезіндік. Талай сала карантин
кезінде жұмысын уақытша тоқтатып тастаған кезде сот саласы жаңа бір тынысын ашқандай болды. Карантин кезінде онлайн сот отырыстарының саны еселеп өсті. Бұл сот жүйесінің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын көрсетсе керек. Қазір де саланың цифрлануына қатысты айтатын жаңалықтар өте көп. Мәселен, жасанды зерде элементтерін енгізу арқылы сот жүйесінде бірыңғай практика қалыптасты. Нәтижесінде
сот істерінің жедел қаралуына ықпал етуге мүмкіндік туды. Қазір сот жүйесінде роботтандыру бағдарламасы енгізіліп жатыр. Бұл сот ісінің жедел қаралуына ықпал етіп, адами фактордың барынша төмендетіліп, саладағы «бармақ басты, көз қыстылықты» жоюға септігін тигізді.
Енгізіліп жатқан жаңалықтардың артықшылығына келсек, бұрын борышкерлер шетелге
шығатын кезде мемлекет оның қарызы баржоғын анықтайтын. База бойынша оның қарызы болса шетелге шығуына тыйым салынатын және ондай істер он-он бес күн қаралып, борышкерді жолынан қалдыратын. Бұл келеңсіздік, әсіресе, жыл бойы демалысын күтіп, жаз шыға шекараның сыртында демалғысы келетіндерге айтарлықтай мәселе туындататын. Ал қазір мұндай істер роботтандыру бағдарламасының арқасында санаулы минут ішінде сот актісінің жобасын дайындап береді, оның үстінен судья қарап, қолын қойып бекітеді. Бұл сот жүйесінің дәл қазіргі таңда азаматтар құқығын қорғауына қолайлы мүмкіндік тудырып отыр. Бұдан бөлек, Smart Bridge секілді сала жұмысын жетілдіру мақсатында түрлі жаңашылдықтар да енгізілуде. Ал биылғы жылдың 1 тамызынан бастап аумақаралық соттылық жобасы енгізіледі деп күтілуде. Бұл жобаның мақсаты сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған.
Яғни кез келген азамат өз қаласындағы судьяларға сенімсіздік білдірсе немесе қарсылас тараптың судьямен таныстығы бар екенін сезсе, жерлестік, руластық, туыстығы бар екенін біліп, соттың әділдігіне күмәнданса ол өз ісін басқа бір қаладағы соттың қолына сеніп тапсыра алады. Мен саралап өткен жаңашылдықтар саладағы
көп өзгерістің бірі ғана. Бірақ сот жүйесінің кешегісіне, бүгінгі күнгі атқарып жатқан шарасына және алдағы уақытта енгізілетін өзгерістеріне шолу жасай отырып, саланың дұрыс жолда дамып келе жатқанын сезініп отырмыз.
Айгуль ТОЙҒАМБАЕВА,
Әуезов аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...