12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Электронды сот ісін жүргізу уақыт талабы

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып, еліміздегі сот жүйесінде электронды сот төрелігі қарқынды дамып келеді. Осы орайда сотымызда «Электронды сот ісін жүргізу» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг барысында электронды сот ісін жүргізудің артықшылықтарын ортаға салып, маңызына тоқталдық.
Осы орайда атап өтер жайт, мемлекет басшысы Н. Назарбаев Судьялардың VI съезінде атап кеткендей: «Алдыңғы қатарлы сот тәжірибесі – бұл қазіргі сот процесінің негізі болып табылатын қағаз құжат айналымынан бас тарта отырып, электронды технологияларға көшу», – деп атап көрсеткен болатын. Расында да, бұл жүйе қазірдің өзінде тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Электронды сот төрелігін пайдалану оңай әрі қолжетімді. Соның бірі сот жүйесінде кеңінен қолданысқа енген «Сот кабинеті» сервисі. Бұл жүйені пайдаланудың қолайлылығын азаматтарымыз ол өмірге жолдама алған алғашқы күндерден бастап-ақ аңғарды десек, қателеспейміз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің интернет-ресурсында «Талдау» форумы» атты талдамалық ақпараттық жүйені іске қосты. «Талдау» форумының түпкі мақсаты сот актілерін жүйелеу және оларға мониторинг жүргізу, нақты іс санаттары бойынша сот тәжірибесін талдау болып табылады. Сервис барлық іс санаттары бойынша сот практикасына жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сөйтіп, соттар қызметіне деген халық сенімін арттыруға бағытталған. Істер санаттарының бірыңғай жіктеуіші кодекстердің, заңдар мен республика соттарында қаралған істерді инвентаризациялау нәтижелерінің құрылымын ескере отырып құрылған. Қылмыстық істер және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша жіктеуіш Қылмыстық, Қылмыстық процестік және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстердің тараулары мен баптарының атауларына сәйкес құрылған. Нормативтік-құқықтық базаны өзгертуге жедел ден қоюды «Талдау» форумының тиімді жұмыс істеу шарттарының бірі ретінде айта аламыз.
Соңғы кезде қазақстандық сот төрелігі жүйесі қоғам үшін неғұрлым қолжетімді әрі ашық бола түсуде. Сот істерін қарау сапасы мен жеделдігін арттырудың тұрақты үрдісі де байқалып келе жатқан оң құбылыс. Сондықтан Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сот жүйесінің бұл өзгерісін толықтай құптайды.

А. Т. Байдаулетова, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...