Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жаңа заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:

  • «1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы»,
  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы»,
  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Қазақстан таеквондодан әлемдік Гран-при финалын алғаш рет қабылдайды 

Турнирде Олимпиада және әлем чемпиондары сегіз салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Елімізде биылғы қыс қандай болады? Сарапшылар болжамы 

Қараша айында Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан келетін циклондар сериясы әсер етіп жатыр. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы қалыптасқан. Алайда синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын түсетінін болжайды.

АҚШ-тағы инфляция алтын бағасының құлдырауына әсер етті 

Күміс 5,4%-ға, платина 4,1%-ға, палладий 3,2%-ға төмендеді.

Қазақстанның агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 34,7 пайызға өсті 

Қазақстан биыл тоғыз айда 6,4 млрд доллардың агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7 пайызға жоғары.

Елімізде тұмаудың қай түрі өршіп тұр?

Министрліктің мәліметінше, кейінгі бір аптада елімізде ЖРВИ жұқтырудың 133 052 жағдайы тіркелген. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері 1 453 967 жағдай анықталған.